Ақкиізтоғай — Атырау облысының Жылыой ауданындағы ауыл, Ақкиізтоғай ауылдық округі орталығы.

Орналасуы Аудан орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде,Жем өзенінің жағалауында орналасқан.Қазақ энциклопедиясы Жақын теміржол стансасы — Құлсары (42 км жерде), тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Тарихы Кіші жүздің биі болған Қожаназар Жанайұлының асын бергенде Жем өзені бойында мың ағаш үй тігіліп, „Кіші жүздің ханы Айшуақтың жүретін жолына мініп келген арбасы тұрған жерден арнайы тігілген үйге дейін ақ киіз төселген екен. Сол алқап кейін Ақкиізтоғай аталған“ деп тарихшылар жазған.«Халық кеңесі», газеті 18.06.1992 ж.

Халқы 1989 жылы елді мекенде 1210 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 1379 адам (735 ер адам және 644 әйел адам) болса, 2009 жылы 2232 адамды (1138 ер адам және 1094 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Ал 2021 жылы 1454 адамды (751 ер адам және 703 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары №10 Амангелді атындағы орта мектеп — 1928 жылы 4 кластық бастауыш мектеп болып ашылды, 1938 жылы 7- жылдық мектепке айналды. Ал 1962-1963 оқу жылынан бастап 11 жылдық мектеп болды. 1975 жылы екі қабатты мектеп үйі, ал 1976 жылы интернат пайдалануға берілді. 1996-1997 жылдары интернат жабылды.https://10.zhylyoi-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Тарихы

«Ақбөбек» бөбекжай бақшасы Дәрігерлік пункт №2 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2017 жылы ашылды.https://atyrau.kaztrk.kz/kz/news/sport/zhylyoida-ush-sport-kesheni-ashyldy Жылыойда үш спорт кешені ашылды

Шаруа қожалықтары, кәсіпкерлік Бұрынғы кеңшар негізінде ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін “Жаңа таң” АҚ жұмыс істейді.

Діни ұйымдар қызметі Есенгелді Нұршайұлы мешіті — Мешіт құрлысы 2004 жылы басталып 2005 жылы аяқталды. Құрлысты жүргізген «Жылыоймұнайгаз» және «Жаңа-Таң» ЖШС. Бір күмбезі бар. Ерлер және әйелдер намаз оқитын бөлмелері бар.http://www.kapan-kazhi-meshiti.kz/195-esengeld-nrshajly-mesht.html «ЕСЕНГЕЛДІ НҰРШАЙҰЛЫ» мешіті

Ауыл көшелері Айжарық Көшербайұлы көшесі Ақберен көшесі Ғани Мұратбаев көшесі Жаңа таң көшесі Жәңгір хан көшесі Қойшыбай Боқанов көшесі Меңдекеш Сатыбалдиев көшесі Молхат көшесі Мөңке би көшесі Мұқағали Мақатаев көшесі Сүйінбай Аронұлы көшесі Сыпыра жырау көшесі Сырбай Мәуленов көшесі Түркеш көшесі Тілекқабыл Жанаев көшесі Шалкиіз Тіленшіұлы көшесі Шафиық Ізбасов көшесі Ілияс Жансүгіров көшесі

Ауыл суреттері Амангелді атындағы орта мектеп Дәрігерлік пункт Есенгелді Нұршайұлы мешіті орта|300px| орта|250px| орта|250px|

Дереккөздер

Санат:Жылыой ауданы елді мекендері