Жаңаталап — Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, бұрынғы Жаңаталап ауылдық округі орталығы. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Тұран ауданындағы тұрғын үй массиві.
Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсукенттен батысқа қарай 28 км жерде, Бадам өзенінің сол жағалауындағы бұта аралас баялыш, көде, айрауық өскен сұр, қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы Тұрғыны: 1,8 мың адам (1999); 5,0 мың адам (2009).
Тарихы Іргесі 1950 жылы көкөніс пен бау-бақша өсіруге маманданған кеңшар құруға байланысты қаланды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, аурухана, мәдениет үйі, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері