Алматы облыстық ғылыми-техникалық кітапхана-мәдени мекеме. 1976 жылы құрылды. Ол облыс аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдарды ғылыми-техникалық кітаптармен қамтамасыз етеді. Библиографиялық және хабарламалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ облыстағы ғылыми-техникалық кітапханалар жүйесіне әдістемелік басшылық жасайды.
Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы"
Санат:Қазақстан кітапханалары