Елжан Амантайұлы Бiртанов (18 қазан 1971 жыл, Тараз) — Қазақстанның денсаулық сақтау минстрі (2017–2020), дәрігер, токсиколог, медицина ғылымдарының кандидаты (1998).
Өмірбаяны Ұлы жүздің Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан.https://www.facebook.com/groups/alashorda/permalink/2732736320345105/
1994 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) бітірген соң, Алматы қалалық Жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөлімінде дәрігер-реаниматолог болды. 1994 ж. АҚШ-тағы Аризона штатының Токсикология орталығында клиникалық токсикологиядан іс-тәжірибесін жетілдіру мақсатында 4 айлық стажировкадан өтті. 1996 жылдан Қазақстандағы ақпараттық-кеңес Токсикология орталығын басқарады. Орталық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының химиялық қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаға енді. 1998 жылдан Қазақ ұлттық медицина универститетінің кезек күттірмейтін медициналық кафедрасында ассистент. 2000 жылдан Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында «Клиникалық токсикология» курсының жетекшісі.
Жетістіктері Тусон, Де-Моин (АҚШ), Эрфурт (Германия), Рио-де-Жанейро (Бразилия), Копенгаген (Дания) және Мәскеуде токсикология және улануды бақылау мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияларда баяндама жасады. Еуропа клиникалық токсикология ассоциациясының мүшесі (1997 жылдан).
Дереккөздер
Санат:Қазақстан токсикологтары Санат:Медицина ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау министрлері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері