Төменгі Тұңғыс () – Ресейдің Иркутск облысы мен Эвенк автономиялы округіндегі өзен, Енисейдің оң саласы. Ұзындығы 2989 км, су жиналатын алабы 473 мың км2. Ангара бұйратынан басталып, Орта Сібір таулы үстіртіндегі тау аңғарлары арқылы ағады.
Жоғарғы ағысы Жоғарғы ағысында (Илимпея өзенінің сағасына дейін) кең жазықпен ағады; арнасында қайраңдар көп. Төменгі ағысы Төменгі ағысында көлдер түріндегі, кеңейген (20 – 25 км-ге дейін) жерлері бар. Траптарды кесіп өтерде шоңғалды шатқалмен су құламаларын жасап ағады. Салалары Негізгі салалары: Кочечум, Непа, Таймура. Қар суымен толығады. Төменгі ағысындағы орташа су ағымы 3420 м3/с. Қазан айында қатып, мамырда мұзы ериді. Суы мамыр – шілдеде тасиды. Су таситын уақытта Тура кентінен кеме жүзеді. Сағасында Туруханск кемежайы орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том </td>
thumb|Төменгі Тунгуска thumb|Орналасқан жері Ұзындығы 2989 км Бассейн ауданы 473 000 км2 Бассейн Солтүстік Мұзды Мұхиты Бассейн өзені Енисей Су шығыны 3 680 м2/с
</tr> </table>
Сілтеме
Санат:Краснояр өлкесі өзендері Санат:Иркутск облысы өзендері