Жоғарғы Гаронна (, ) — Францияның оңтүстік-батысындағы департамент, Миди-Пиреней аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 31. Әкімшілік орталығы — Тулуза. Халық саны 1,046 млн адам (департаменттер арасында 17-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы Жер аумағы 6309 км². Департамент арқылы Гаронна өзені ағып өтеді. Оңтүстік бөлігі Пиреней тау жүйесінде орналасқан. Ең биік нүктесі — Пердигер тауы(3222 м).

Департамент 3 округ, 53 кантон және 588 коммунаны қосады.

Тарихы Жоғарғы Гаронна — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Байырғы Лангедок провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Гаронна өзенінен шыққан.

Сілтемелер Conseil Général website (in French) Prefecture website (in French) http://www.cdt-haute-garonne.fr/ (in French) http://www.toulouse.fr/

Тағы қараңыз Жоғарғы Гаронна департаментінің коммуналары

*