Жоғарғы Луара (, ) — Францияның оңтүстігіндегі департамент, Овернь аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 43. Әкімшілік орталығы — Ле-Пюи-ан-Веле. Халық саны 209,1 мың адам (департаменттер арасында 85-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы Жер аумағы 4977 км². Департамент арқылы Луара өзені ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 3 округ, 35 кантон және 260 коммунаны қосады.

Тарихы Жоғарғы Луара — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Овернь, Лангедок және Лионне провинцияларының аймақтарында пайда болған. Атауы Луара өзенінен шыққан.

Тағы қараңыз Жоғарғы Луара департаментінің коммуналары

Сілтемелер Préfecture Conseil général

*