Шоқпартоғай — Атырау облысы Жылыой ауданындағы ауыл, Қараарна ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2478 адам (1252 ер адам және 1226 әйел адам) болса, 2009 жылы 2789 адамды (1460 ер адам және 1329 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3110 адамды (1621 ер адам және 1489 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары №3 орта мектеп — 1931 жылы бастауыш мектеп, 1942 жылы орталау мектеп атанып, 1951 жылға дейін жұмыс жасаған. 1951 жылы Қызылқала жеті жылдық мектебі аталды. 1952 жылы мектепте А.А.Жданов аты берілген. 1956-1957 оқу жылында мектеп орта мектеп болып құрылды.№3 жалпы орта білім беретін мектеп тарихы
«Балдәурен» бөбекжай бақшасы — 160 орындық типтік жобадағы ғимарат. 2014-2015 ж. салынған. Жалпы көлемі 1882 м2.Детский сад в селе Шокпартогай
№3 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2017 жылы ашылды.https://atyrau.kaztrk.kz/kz/news/sport/zhylyoida-ush-sport-kesheni-ashyldy Жылыойда үш спорт кешені ашылды Ырыс спорт кешені — Жалпы алаңы - 807 шаршы метр. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған душ, киім ауыстыруға арналған шкафтар, медициналық пункт жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдану үшін тренажер құралдары, үстел теннисі, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдар бар.Кәсіпкер өз ауылына спорт кешенін салып берді - Атырау облысы
Шоқпартоғай мәдениет үйі — 2023 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілді. 200 көрерменге арналған мәдениет үйінің ішінде көрермен залынан бөлек, кітапхана, үйірме бөлмелері, асхана бар. Ғимараттың жалпы көлемі 750 шаршы метрді құрайды.Шоқпартоғайда жаңа мәдениет үйі
Діни ұйымдар қызметі Қапан Қажы мешіті — 2002 жылы салынған. Жерінің ауданы 900, пайдалы көлемі 180 шаршы метр. Мұнарасының биіктігі 12, шеңбері 2,3 метр. Күмбездің шеңбері 3,4 метр. Бір мезгілде 90 адам ғибадат ете алады.https://www.muftyat.kz/kk/mosque/3165/ «Қапан қажы» мешіті
Ауыл суреттері Шоқпартоғай ауылы Денешынықтыру сауықтыру кешені Шоқпартоғай ауылы орта|300px| орта|200px| орта|300px|
Елді мекендегі көшелер Ақжал көшесі Ақтайлақ көшесі Алға көшесі Аралбай батыр (Қызылтаң) көшесі Бопай ханым (Қызыл дихан) көшесі Ботай Нұрмағанбетов көшесі Бүркіт Жұмақұлов көшесі Досының ағы көшесі Жаңажол көшесі Жаршық көшесі Жұбан Молдағалиев көшесі Жұбандық Таскарин көшесі Иманғали Қылышов көшесі Иманғара көшесі Қазақстан көшесі Қайырғали Смағұлов көшесі Қасым Қайсенов (Жұбан тамы) көшесі Қойқара көшесі Құлманбет Жамансарыұлы көшесі Ракөш көшесі Сайын Есенгожин көшесі Тағым Сатыбалдиев көшесі Тайкеткен көшесі Татан Дешенов көшесі Төлеген Берекетов көшесі Төлеген Тоқтаров көшесі
Дереккөздер
Санат:Жылыой ауданы елді мекендері