thumb|250px|Әл-Фатиха сүресі Құран немесе Құран Кәрім (, , ) — Ислам дінінің негізгі киелі кітап болып саналады. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Аллаһтың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Оны оқу (тиләуәт) арқылы Аллаһқа құлшылық қылады. Құран Тәурат пен Інжілден кейінгі аспандық кітап ретінде және араб тіліндегі кітаптардың ішінде шешендік тұрғысынан ең байы саналады. Құран уахидың түскен жері мен уақытына байланысты меккелік және мединелік боп бөлінген 114 сүреден тұрады.
Мұсылмандар Құран Мұхаммед пайғамбар 40 жасқа жеткеннен бастап өліміне шейін (632 жыл/11 һ.ж.) 23 жыл бойы Аллаһ тарапынан Жәбірейіл періште арқылы түсірілгеніне сенеді. Сонымен қоса мұсылмандар Құранның сахабалармен дәлме-дәл сақталғанына, оның аяттарының анық және баяндалған екендігіне, оның барлық замандағы күллі адамзатқа уағыз ретінде жіберілгеніне сенеді.
Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін Құран әділетті халифа Әбу Бәкр әс-Сиддиқпен Омар ибн әл-Хаттабтың ұсынысына сәйкес бір нұсқаға жиналады. Екінші халифа болған Омардың өлімінен кейін Құранның бұл нұсқасы иман келтіргендердің анасы Хафса бинт Омарда сақтаулы қалды. Бұл жағдай үшінші халифа Осман ибн Аффанның мұсылмандардың Құран оқудағы түрлі диалекттердің себебінен болған қайшылықтарын көргенге дейін жалғасады. Осман Хафсадан Құрайыш диалектіне сәйкес жазылған нұсқаны ортақ үлгі болу үшін сұрап алып, көшірмелерін жасауды, оған сәйкес емес нұсқаларды жоюды әмір етеді. Османның бұл жинақтаған Құранның нұсқасы халифат аумағына таратылып, ол бір нұсқасын өзіне қалдырады. Бұл нұсқа Османның мусхафы (Құранның экземплярын «мусхаф» деп атайды) аталып кетті. Зерттеушілер Осман жинаған Құранның нұсқасы Әбу Бәкр жинаған нұсқаға толығымен сәйкес санайды.
Құран сөзінің шығу тегі «Құран» сөзі деген түбір сөзден шыққан, ал оның негізі «жинау» мағынасын беретін сөзі. деген сөз «суды хауызға жинадым» деген мағына береді. Құранның бұлай аталу себебі, оның аяттар мен сүрелерді жинап, бір-біріне жалғастыруында. Бірақ «Құран» сөзінің шығу тегі турасында басқа пікірлер де бар. Әш-Шафиғи айтқан: Құран деген — есім, оның һамзасы жоқ және «қара′ту»-дан алынбаған, бірақ ол Аллаһ кітабының аты Ал әл-Фарраның айтуы бойынша «ол қарāин () (жұбайлар, достар; жекеше түрі: қарӣна) сөзінен шыққан, себебі Құранның аяттары бір-бірін растайды және бір-біріне ұқсайды, міне сол „қарāин“»
«Құран» сөзі «фа′лāн» өлшемі (уазны) бойынша жаслаған, және ол көптеген қарилердің оқуындағыдай һамзалы боп келеді, және Абдуллаһ ибн Касир әл-Мәккидің оқылуында жуан болып келеді (). Құран сөзінің шығу тегіне сирия тіліндегі «қасиетті кітапты оқу» немес «дәріс» мағынасын беретін «қарйана» (قريانا) сөзі сәйкес келеді. Көптеген батыстық зерттеушілер «Құран» сөзі осы сөзден шыққан деп тұжырымдайды, бірақ мұсылман ғалымдардың көбісі бұл сөздің негізін «қара′» түбіріне қайтарадыEncyclopedia of Islam Online // Kur'an. Қалай болса да «Құран» сөзі Мұхаммед пайғамбардың заманында араб терминіне айналды. Құран сөзінің тағы бір маңызды мағынасы — оқу (қыраат). Ғалым әт-Табраси айтқан: «Құран сөзінің негізгі мағынасы — оқу. Және де ол „қара′ту“ (оқыдым) немесе „тәләуту“ сөзінің түбірі, бұл Ибн Аббастан риуаят етілген».
Құранның бұдан басқа көптеген Құранның ішінде ишарат етілген атаулары бар. Мысалға: «әл-Фурқан», «әл-Һуда», «әз-Зикр», «әл-Хикма», «Каламу-Ллаһ», «әл-Китаб», және мұсылман жазушылар Құранның атулары мен мағыналары туралы еңбектер жазды. Ал «мусхаф» деп аталу Құранның жазылған нұсқасын айтылуға қолданылады. Бұлай аталу бастапқыда қолданылмағанымен, Әбу Бәкр Құранды жинақтағаннан кейін осы сөз оның атауына айналды. Құранға «Фурқан» деп айтылу себебі, ол ақиқат пен өтіріктің арасын айырушы (фариқ), анық құжат және оның дәлелдері, парыздары, шектері мен басқа да білдіретін мағыналары хақ пен өтірікті айырушы. Бұл айыру ақиқатты көрсету мен өтірікті негізін жою арқылы. Аллаһ тағала әл-Фурқан сүресінде айтады: Өзінің құлына әлемдерге ескертуші болу үшін Фурқанды түсірген (Аллаһ) Берекетті
Ал Құранның зікір екені туралы әл-Хиджр сүресінде айтылады: Шын мәнінде Біз зікірді түсірдік және шын мәнінде Біз оны сақтаймыз» Бұдан мақсат — Мұхаммедке түсірілген Құран еске алам дегендерге зікір, уағыз тыңдаймын дегенге уағыз. Муфассир-ғалымдар Құранның атаулары үш топтан тұратынын айтқан. 1-ші топ. Бұл Құранның заты мен болмысына ишарат ететін есімдер. Әл-Китаб: Бұл анық Кітаптың аяттары. Әл-Құран: Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған имандыларды үлкен сауаппен қуандырады. Каламу-Ллаһ (Аллаһтың сөзі): Егер мүшриктерден біреу сенен пана тілесе, онда оған Аллаһтың сөзін тыңдағанға дейін пана бер. Сонан соң оны бейбіт орынға жеткіз. Бұл олардың түк білмейтін қауым екендігінен. Әт-Танзил (түсіру): Шын мәнінде ол (Құран) әлемдердің Раббысы түсіргені. 2-ші топ. Құранның сипаттарына ишарат ететін есімдер. Әл-Кәрим: Шын мәнінде ол Ардақты Құран. Әл-Мәджид (ұлы): Бірақ ол Ұлы Құран. Әл-Мубарак (берекетті, мүбарак): Саған олар аяттары туралы ойланып, ақыл иелері зікір ету үшін түсірілген Берекетті Кітап. 3-ші топ. Құранның адамдарға қалай әсер ететіні туралы. Әл-Һуда (тура жол): Бұл күмән жоқ Кітап — тақуаларға тура жол. Әр-Рахма (рахмет, мейірім): Жақсылық жасаушыларға тура жол мен мейірім. Ән-Нур (нұр): Ей, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді және біз сендерге анық Нұр түсірдік! және т.б. есімдер мен сипаттар.
Мұсылман ғалымдар Құранның атауларын жинап, оларды түсіндірумен айналысқан. Мысалға әз-Замахшари өзінің тәпсірінде Құранның 32 есімін жинаған, ал кейбіреулер болса оның 47 атауын жинаған. Қазы Әбул-Мағали Азиз ибн Абдул-Мәлик айтқан: «Аллаһ Құранды елу бес есіммен атаған», ал әл-Харралидің санағы бойынша Құранда 90-нан астам атау бар екен.
Құран Кәрімнің Ислам діні мен мұсылмандардың арасындағы маңыздылығы
Мұсылмандар Құран Кәрімнің Аллаһ тарапынан Мұхаммед пайғамбарға түсірілген ақырғы қасиетті кітап екеніне иман келтіреді. Сондықтан олар Құранды тиләуәт етіп оқу, оны тыңдау, оған сәйкес амал ету адамды Аллаһқа жақындататын, жүрегін тыныштандыратын ғибадат екеніне сенеді. Олар Құранның олардың мәдениеті мен дәстүрінің бастауы екеніне, сол Құран арқылы олардың діни және дүнияуи өмірде дәуірлегеніне күмән келтірмейді.
Құранның артықшылықтары мен он үйренудің сауабы турасында көптеген хадистер келген.
Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің«Сахих әл-Бұхари». Кімде-кім Аллаһтың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді«Сунан әт-Тирмизи». Құран оқыған адамға айтылады: «Дүниеде қалай оқысаң солай оқы да (жәннәтқа) көтеріл, шын мәнінде сенің орның соңғы аятты қай жерде оқысаң — сол жерде». Қандай да бір қауым Аллаһтың үйінде жиналып Аллаһтың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Аллаһтың мейіріміне бөлінеді, оларды періштелер қоршайды және Аллаһ оларды қасындағылардың жанында еске алады...«Сунан Әбу Дәуд» және т.б.
Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам Құранға мұқтаж; мұсылманның жүрегі Құранмен өмір сүреді, көзі нұрланып, тура жолға ілеседі. Мұсылманның бүкіл өмірі осы Кітаппен байланысты: оның сенімі одан сусындайды, ол Аллаһ разы болатын ғибадаттарды содан біледі, қарым-қатынас пен мінез-құлықтағы тура жолды білуге керек болған нәрселерді содан алады, кімде-кім тура жолды бұл Кітаптан іздемесе, оның өмірі, болашағы мен ақыретте баратын жері құрдымға айналады, надандық пен адасудың зұлыматына ұшырайды. Бұл тұжырым Құранда келген аяттар мен Сүннетте келген хадистерге негізделген. Мысалға: Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды және салихалы амалдар жасаған имандыларды үлкен сауаппен қуандырады«әл-Исра» сүресі, 9 аят. Кімде-кім Мені еске алудан бет бұрса, оның өмірі тарылып, Біз оны Қиямет күні соқыр қып жинаймыз«Таһа » сүресі, 9 аят. Әд-Дарими Әли ибн Әбу Талибтан жеткізген хадисте Мұхаммед пайғамбар : «Фитналар (сынақтар) болады» деп айтқан. Әли одан сұрайды: «Одан қалай шығамыз?» деп. Ол былай жауап береді:
Аллаһтың Кітабы (арқылы). Оның ішінде сендердің алдарыңда және сендерден кейін не болатыны туралы хабар, араларыңда болған нәрселердің үкімі, ол шешуші, әзіл емес, кімде-кім оны тәкәппарлықпен тастаса — Аллаһ оны жояды, одан басқадан тура жолды іздесе — Аллаһ оны адастырады. Ол Аллаһтың мықты жібі, хикметті зікір, тура жол, онымен армандар адаспайды, онымен тілдер шатыспайды, ғалымдар оған тоймайды, ол қарсылықтың көптігінен тозбайды, оның ғажайыптары үзілмейді. Оны естіген жындар: «Біз ғажап Құранды естідік» деуді тоқтатпайды. Ол сондай Құран, онымен сөйлеген адам — шындық айтады, онымен үкім еткен — әділ болады, оған сәйкес амал еткен — сауап алады, оған шақырған — тура жолға салынадыإسلام ويب، مركز الفتوى: أهمية القرآن الكريم في حياة الأفراد والأمة.
Шариғат Шариғат, шариғат құқығы немесе ислам құқығы – ислам мәдениетінің бір бөлігін құрайтын діни қағидалардың жиынтығы. Арабша шари‘ә сөзі (араб.: شريعة) Құдайдың ашылған заңына қатысты және бастапқыда «жол» немесе «жол» дегенді білдіреді.
Классикалық шариғат қоғамдық және жеке өмірдің көптеген аспектілерін, соның ішінде діни рәсімдерді, отбасылық өмірді, бизнесті, қылмысты және соғысты қарастырады. Бұрынғы заманда шариғатты тәуелсіз заңгерлер түсіндірді, олар өздерінің құқықтық пікірлерін Құранға, хадистерге және ғасырлар бойғы пікірталастарға, түсіндірулерге және прецеденттерге негіздеді. Шариғаттың кейбір бөліктерін осы сөздің әдеттегі мағынасында «заң» деп сипаттауға болады, ал басқа бөліктері Құдайдың қалауына сәйкес өмір сүру ережелері ретінде жақсырақ түсініледі.
Құранның ішінде ақиданың, ораза, зекет секілді ғибадаттардың, сауда-саттық, үйлену мен айырылысу, мұрагерлік құқық сияқты адамдар арасында қарым-қатынастың және әдеп пен мінез-құлықтың үкімдері жинақталып, баяндалған. Ислам ғұламалары ерте заманнан бастап адамдарға жеңілдету үшін Құран аяттарынан алынған фиқһ, ғибадат, мауамалат сияқты үкімдерге қатысты дәлелдерді жинақтауға арналған еңбектер жаза бастаған. Мұсылмандар Құранда тура жол мен дүниелік мәселелерді реттейтін бұрынғы қасиетті кітаптарда келген барлық нәрсе жиналғанына сенеді. Бұған дәлел ретінде олар әл-Мәида сүресіндегі келесі аяттарды келтіреді: Саған Құранды шынайы түрде өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы әрі қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың арасында Аллаһ түсіргенге сәйкес үкім қыл да өзіңе келген хақтан айрылып, олардың ойларына ерме. Сендердің әрбіреуіңе заң мен тура жол жасап қойдық. Егер Аллаһ қалағанда барлығыңды бір үммет қылатын еді. Бірақ сендерге келген нәрседе сынау үшін. Ендеше жақсылыққа ұмтылыңдар! Сендердің барлығың Аллаһқа қайтасыңдар да Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.
Тәпсір ғалымдары Құранның Забур, Тәурат, Інжіл секілді кітаптардың ішінде айтылған заттарды қамтитынын айтады және оған қоса құдайлық мәселелері мен рухани этикетті баяндайтынын айтады.
Тарихы
Уахидың басталуы Алланың елшісі Мұхаммедтің пайғамбарлығы ол 40 жасқа толғанда басталып, келесі 23 жыл бойы өмірінің ақырына шейін созылды. Ол пайғамбарлық кезеңінің алғашқы 13 жылын Меккеде, қалған 10 жылын Медине қаласында өткізді.
Ең алғашқы уахи Мекке маңындағы Нұр тауындағы Хира үңгірінде дүйсенбі күні, 17, 21 немесе 24 рамазанда (милади күнтізбе бойынша 620 жылдың 10 тамызын) және шииттердің пайымдаунша Раджаб айының 27 жұлдызында түскен.
Иман келтіргендердің анасы Айша айтқан: