Samsung Galaxy S III (моделі: GT-i9300) — Samsung Electronics компаниясының Android операциялық жүйесінің негізіндегі коммуникаторы. Samsung Galaxy S III 2012 жылдың флагмандық смартфондарының үштігіне кірді, сонымен қоса оған Apple iPhone 5 және Nokia Lumia 920 да кірді.

Смартфон 2012 жылдың 3 мамырында Лондонда таныстырылды. 2011 жылдың соңына қарай Samsung Galaxy S III бұқараның көптен күткен смартфонына айналды. Интернетте иілетін дисплейлі, керамикалық корпустан жасалған, 12-мегапикселді камерасы бар деген сыбыстар таралған, алайда ол айтылғандар орындалмады. Смартфон Samsung өндірген Exynos 4412 төртядролы орталық процессорын пайдаланады, дисплейінің диагоналі 4,8 дюймді HD SuperAMOLED , аккумулятор сыйымдылығы 2100 мА·с, 8-мегапиксельді камералы, 1 Гб оперативті жадысы мен жаңа интеллектуалды функциялар орнатылған, мысалы, Samsung-тің өзі жасаған — Smart Stay технологиясы алдыңғы камераның арқасында, дисплейге қараған қолданушының жанарын танып, экранның жарықтығын төмендетпейді және дисплейді құлыптамайды. Сатылымға құрылғының бір-бірінен флеш-жадының көлемі бойынша ажыратылатын үш түрлі нұсқасы шықты: біріншісі 16 Гб флеш-жадылы, екіншісі — 32 Гб, үшіншісі — 64 Гб. Samsung Galaxy S III Samsung Galaxy S II-ның ізашары болып табылады. Ол да Samsung-тың техникалық жағынан жақсартылған алдыңғы флагмандарының бірі болған.

Сипаттама Samsung өкілдерінің айтуынша, смартфон дизайнының негізі «шынайы форма мен табиғи минимализм» болды. Оның көрінісі бірқалыпты қоршау, жіңішке корпус пен бірнеше түсті шешімдерін айтуға болады. Жоғарғы төбесінде 3,5 мм гарнитураға арналған қосқыш пен көмекші микрофон орналасса, астыңғы жағында қуаттандырғыш құрылғы мен дата-кабельді қосуға арналған қосқыш, сонымен қатар негізгі микрофон бар, оң жақ бетінде өшіріп-қосу пернесі, ал сол жақ бетінде дауысты реттегіш пернесі орналасқан, аппараттың артқы жағында 8-мегапиксельді камера мен жарықдиодты жарқыл(вспышка) және динамик бар, алдыңғы жағының көбін диагоналі 4,8 дюймді HD SuperAMOLED дисплейі алып жатыр, сонымен қатар онда алдыңғы камера, сөйлеу динамигі(құлаққа тақап тыңдайтын динамик), жарқырату мен жақындату датчигі, сонымен қоса үш перне — біріншісі механикалық («үйге») және екі сенсорлы («контекстті мәзірді ашу» және «кері») пернелері орналасқан. Корпустың негізгі материалы — пластик.

Galaxy S III-те бірнеше арнайы функциялар ұйымдастырылған. Тағы Galaxy S3 «ақылды» теледидарларға сымсыз «AllShare Cast» технологиясы арқылы қосыла алады.

Функциялары Smart Stay Smart Stay технологиясы қолданушы экранға қарап тұрғанда, дисплейдің жарықтығының төмендемеуін және оның өшпеуін қамтамасыз етеді. Көзді алдыңғы камера бақылап отырады, егер ол көзді «байқап қалса» хабарламалардың оң жақ бағанында көз иконкасы шығып, экран уақытынан ерте өшпей, жарықтығы төмендемей тұрады.

S Voice Табиғи дауысты тану жүйесінің көмегімен смартфонды сөздер арқылы басқарады. «S Voice» тек қана қосымшаларды ашып онымен жұмыс істеуді басқаратын негізгі функциялармен шектелмейді, ол қолданушы туралы ақпаратты және әртүрлі интернет-қызметтерді қолданып адамның сұрақтарына жауап бере алады. Функция өкінішке орай қазақ және орыс тілдерін түсінбейді, ол ағылшын, итальян, неміс, француз, испан, корей тілдерінде қол жетімді..

Smart Alert Smart Alert технологиясының арқасында телефонды қолға алған кезде, жіберілген қоңыраулар немесе оқылмаған хаттар келген болса ол вибросигнал береді.

Әлеуметтік тегтер (Social Tag) Функция смартфонға суретке түсірілген адамадарды, контактілер тізіміндегі кісілердің суретімен салыстырып таниды. «Share» функциясы Galaxy S3 «таныған» суреттерді басқа адамдармен бөлісуге көмектеседі.

Direct Call «Direct Call» технологиясы арқылы абоненттың контакті дерегін қарап отырып, немесе оған хабарлама жазып отырып телефонды жай ғана құлаққа жақындатқанда қоңырау өзінен-өзі шалынады.

S Beam S Beam технологиясы «Android Beam-нің» NFC-функциясының жетілдірілген түрі. Ол арқылы Samsung Galaxy S3 смартфондарын бір-біріне жанастырып, Wi-Fi Direct-тің көмегімен файлдарды алмастыруға болады.

Интеллектуальді айналдыру Интеллектуальді айналдыру функциясы алдыңғы камераның көмегімен, адамның бетінің орналасу күйін анықтап, экранды тігінен не көлденеңінен айналдырады.

Процессор Модельдерінің көбі 4 ядролы, 1,4 ГГц СнК Samsung Exynos 4-ті қолданады. АҚШ-қа арналаған, LTE (4G) қолдайтын, моделі 2 ядролы Qualcomm Snapdragon S4 процессорын пайдаланады.

Камералар Смартфонда 2 камера орнатылған. Негізгісі 8 мегапиксельді, ал алдыңғысы 2 мегапиксельді. Екі камера да автофокус функциясын, затвор өңделуіндегі нөлдік кідірісті, және артқы қаракөлеңкелі сенсорды (BSI, Backside Illumination) қолдайды.

Сонымен қатар Galaxy S III-те автоматты түрде 20 фотосурет сериясын түсіретін «Burst Shot» функциясы мен түсірілген 8 суреттін ішінен ең жақсысын таңдайтын «Best Photo» орнатылған. Негізгі камерасы бір секундта 30 кадр жасайтын жоғары сапалы (Full HD) видео түсіреді.

Түрлі түсті нұсқалары Алғашында смартфонның 2 түсті нұсқасы шыққан — «Теңіз тасы» (қою көк) және «Ақ мәрмәр» (ақ). Кейін «Қызыл анар», «Қара жақұт», «Сұр титан» деген нұсқалары шықты.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Samsung басты беті

Тағы қараңыз Android Samsung Galaxy S II (GT-i9100) Samsung Galaxy S III mini (GT-I8190) Samsung Galaxy S (серия) Samsung Galaxy

Санат:Смартфондар Санат:Samsung ұялы телефондары Санат:Android негізіндегі құрылғылар