Ханс Цоллман - Германия азаматы, 400-ге жуық жылқысы бар фермер.

Ханс Цоллманның отбасы 1959 жылдан бастап жылқы бағуды қолға алған.

Цоллманн отбасы қымыз ашытады, сонымен бірге биенің сүтінен сәбилерге беретін саумалдан бастап, түрлі косметикалық крем сабын, лосьон шығарады. Әр өнім әдемілеп оралып, сыртына неден, қалай жасалғаны туралы жазылады. Өнімдерде «ешқандай химиялық қоспасы жоқ, тек табиғи өнімнен жасалған» деп атап көрсетілген.

Цоллмандардың жоспары саумал қосқан балмұздақ жасау. Оның құрамы мен дайындау технологиясы жөнінде ұсыныстарын тиісті орындарға жіберген.

Ханс Цоллманның әйелі, үш қызы және немерелері бар.