Алматы Туры 2013 () Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қамқорлығымен Қазақстанда ұйымдастырылаған алғашқы бір күндік тас жол веложарысы. Жарыс 2013 жылдың 6 қазан күні Алматы қаласында өтті.

Бір күндік тас жол веложарысты өткізу туралы меморандумға Алматы қаласының әкімшілігі, UCI және Қазақстан велоспорты федерациясы арсында 2013 жылдың ақпанында қол қойылды.

Бір айналымның қашықтығы – 31 километр. Жарыстың жалпы қашықтығы – 186 километр (6 айналым).

Жарыстың жүлде қоры 39 900 еуроны құрайды, жеңімпаз 15 000 еуроға ие болды.

255px|нобай|оңға|Алматы Туры 2013 веложарысының логотипі

Командалар Турдың жеңімпазы атану үшін 20 команда бақ сынасты: үш кәсіби құрлықтық команда, 12 құрлықтық команда, үш ұлттық команда, бір аймақтық команда және бір клуб. Жалпы алғанда алғашқы Tour of Almaty 2013 веложарысына 16 елдің командалары қатысады. Қазақстан атынан үш команда өкілдік етті: ұлттық құрама, Astana құрлықтық командасы және Vino 4-ever клубы. Сонымен қатар, жарысқа Ресейдің Itera-Katusha Team, Әзірбайжанның Synergy Baku Cycling Project, Италиядан, Австриядан, Украинадан, Латвиядан, Ираннан, Ирландиядан, Брунейден, Нидерландылардан, Франциядан, Польшадан, Өзбекстаннан, АҚШ-тан және Молдавиядан командалар қатысты. Кәсіби құрлықтық командалар 1 Bardiani Valvole - CSF Inox 30pxИталия 2 Team Novo Nordinsk 30pxАҚШ 3 CCC Polsat Polkowice 30pxПольша Құрлықтық командалар 4 Arbö Gebrüder Weiss - Oberndorfer 30pxАвстрия 5 ISD Continental Team 30pxУкраина 6 Kolss Cycling Team 30pxУкраина 7 Rietumu - Delfin 30pxЛатвия 8 CCN Cycling Team 30pxБруней 9 La Pomme Marseille 30pxФранция 10 Polygon Sweet Nice 30pxИрландия 11 Synergy Baku Cycling Project 30pxӘзірбайжан 12 Itera - Katusha 30pxРесей 13 Ayandeh Continental Team 30pxИран 14 Continental Team Astana 30pxҚазақстан 15 Alpha Baltic - Unitymarathons.com 30pxЛатвия Ұлттық командалар 16 Өзбекстан Ұлттық командасы 30pxӨзбекстан 17 Қазақстан Ұлттық командасы 30pxҚазақстан 18 Молдавия Ұлттық командасы 30pxМолдавия Аймақтық командалар 19 Global Cycling аймақтық командасы 30pxНидерландылар Клубтық командалар 20 Vino 4-ever клубы 30pxҚазақстан

Нәтижелер ОрынВелошабандозЕлУақыт 1 Максим Иглинский Қазақстан 2 Сонни Колбрелли Италия 3 Руслан Тлеубаев Қазақстан

Трансляция 30px Eurosport 2 30px Хабар 30px Қазақстан 30px Astana TV 30px |31 30px KAZsport

Сыртқы сілтемелер Турдың ресми сайты

Санат:Велоспорт Санат:Алматы