Гоффман жалқауаңы () — жалқауаңдарың арасындағы екі бармақты жалқауаңдарға жатады. 1858 жылы осы атауды неміс табиғат зерттеуші Карл Гоффманның құрметіне қойған. Полная иллюстрированная энциклопедия. «Млекопитающие» Кн. 2 = The New Encyclopedia of Mammals / под ред. Д. Макдональда. — М.: «Омега», 2007. — С. 440. — 3000 экз.
Биологиялық сипаттама Жануар онша ірі емес, денесінің ұзындығы 54 см-ден 70 см-ге дейін болады, салмағы 5-7 кг, 6-8 мойын омыртқасы болады. Жүнінің түсі - қара-қонырдаң сарғылтқа дейін болады. Ұрғашысының буаздығы 11,5 айға дейін созылады. Жалғыз төл туады. Алғашқы 20-25 күн баласы анасының қарнының жүніне жабысып салбырап жүреді. 5 айдан бастап төл өздігінен көректене бастайды. Бірақ 2 жылға дейін анасының қасында жүреді. "Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Түрлері Бүгінгі таңға Гоффман жалқауаңның 5 түрін айқындаған: Choloepus hoffmanni capitalis (J. A. Allen, 1913) Choloepus hoffmanni florenciae (J. A. Allen, 1913) Choloepus hoffmanni hoffmanni (Peters, 1858) Choloepus hoffmanni juruanus (Lönnberg, 1942) Choloepus hoffmanni pallescens (Lönnberg, 1928)
Қызықты дерек Жалқауаңдар бүкіл жершарындағы ең баяу қимылдайтын жануар.Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
Дереккөздер
Санат:Мүкітістілер Санат:Оңтүстік Америка фаунасы