Мексикалық қияр, чайот (, ) — қос жарнақтылар класының асқабақтар тұқымдасына (Cucurbitaceae) жататын өсімдік. Ацтек тілінен аударғанда «chayotli» деген сөз «тікенекті асқабақ» деген мағынаны білдіредіТ. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.
Биологиялық сипаттама thumb|Мексикалық қияр жапырақтары Мексикалық қияр - ұзындығы 20 м-ге дейін жететін көпжылдық шөптік өсімдік. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар - жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша - өзгерген өркен.
Жапырақтары - ірі, ені 10-25см, тақтасының жиегі 3-7 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлдері дара жынысты, жасылша немесе ақшыл-қоңыр түсті. Аналық гүлдері жеке орналасқан, ал аталығы - шашақты гүлшоғыр түрінде жапырақ қолтығында өседі. Жемісі - үлкендігі 7-20см қабақ (тыквина). «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Салмағы 1кг-ға дейін барады.
Тұқымы - 3-5 см-лік жалғыз дән. Жеміссерігі ақшылсары немесе жасыл, шырынды, дәмі - қантты.
Химиялық құрамы Чайот жемісінің құрамында аминқышқылдар табылған. Және көп мөлшерде С витамині бар.
Пайдалануы Мексикалық қиярдың барлық бөлімдерін адам қолданады: жапырақтары мен жемісін қуырып, бұқтырып, салаттарға қосып азық ретінде қолданады. Дәндерін қуырып жейді. Жемтамырын картоп сияқты дайындайды. Өсімдіктін пайдаланбай қалған бөлшектерін - малға құнарлы жем ретінде береді. Кептірілген өркендерінен баскиім, басқа бұйымдарды тоқиды.
Медицинада жапырақтары мен жемтамырын зәр айдағыш ретінде, қабынуға қарсы ем ретінде қолданады. Атеросклероз, гипертонияда да қосымша ем ретінде пайдаланады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Gourmet Sleuth neglected crops — Chayote Plant of the Week Gallery — Killerplants.com Chayote & Beef Soup Recipe
Санат:Асқабақтар Санат:Орталық Америка өсімдіктер