Халил Ғалеевич Абжалилов (29.09.1896, Мустафино,Орынбор уезі, Ресей -18.03.1963, Қазан , РКФСР) - - татар совет актері, КСРО халық артисі (1957).
1944 жылдан КОКП мүшесі. Сахналық қызметін 1916 ж. Орынборда театрдың драматикалық "Ширкат" ("Жолдастық") труппасында бастаған. Орынбор, Ташкент, Бұқар және Хиуа театрларын ұйымдастыруға қатысты. 1928 ж. бастап Татардың Ш.Камал атындағы академиялық драма театрында ойнады. Шекспир трагедиясынан Отелло, Король Лир, Гиззаттың "Тасқындарынан" Бектемір, Исанбет пьесасынан Насреддин қожа рольдерін т.б. орындады. Абжалилов Халил Ғалеевич 1924-27 ж. өзбек киностудиясының фильмдерінде түсті. Татар АССР-і Жоғары Советіің депутаты (2-4 шақырылуы) Абжалилов Халил Ғалеевич 3 орденмен марапатталған.
Түсініктемелер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998