Айзек Азимов (, туған кездегі аты Исаак Ю́дович Озимов; 02.01.1920, Петровичи, Смоленск облысы, Ресей — 06.04.1992, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық жазушы, фантаст.Генеалогическое древо семьи Азимовых 500-ден астам кітап жазған, англо-америкалық дәстүрде "Үш үлкен" жазушыларының бірі болып саналады (Артур Чарльз Кларк пен Роберт Хайнлайнмен бірге)The Death of Science Fiction © 1991 and 1994 by Robert J. Sawyer Sir Arthur Clarke Named Recipient of 2004 Heinlein Award, 05.22.04 . Мамандығы - биохимик.
Смоленск маңындағы Петровичи деген жерде диірменші еврейлердіңГенеалогия семей Берман и АзимовДобрый доктор Азимов отбасында дүниеге келіп, 1923 ж. әке-шешесімен бірге АҚШ-қа қоныс аударады. Колумбия университетінде 1939 ж. бакалавр, 1941 ж. магистр болды.
1942 ж. Филадельфияға көшіп кетіп, сол жерде әскери кеме жасайтын орында химик болып жұмыс істеген. Сол жұмыста Роберт Хайнлайнмен танысты. 1942 ж. ақпан айының Валентин күні өзінің болашақ әйелі Гертруд Блюгерманмен () танысты. Ол некеден ұлы Дэйвид () (1951) және қызы Робин Джоэн () (1955) дүниеге келеді.
1945-46 ж. әскерде болып, содан кейін білім алуын жалғастырып, 1948 ж. аспирантураны бітіреді. 1949 ж. Бостон университетінде сабақ беріп, 1955 ж. доцент болады. 1979 ж. профессор атағына ие болады.
1970 ж. біріші әйелімен ажырасып, Джэнет Опал Джеппсонмен () бірге тұрып, 1973 ж. оған үйленеді.
1992ж. 6 сәуірде жүрек және бүйрек жетімсіздіктен (ЖИТС фонында, ЖИТС-қа 1983 ж. жүрекке операция жасаған кезде ұшыраған) қайтыс болды.
Кітаптары Нейтрино - 1966 Пайдалы қағаздар - 1966 Вестада қалғандар - 1939 Мен - робот - 1950 Мәңгілік соңы - 1955 Қалыптасу -1966 Екіжүз жасты адам - 1977 Биоэнергетика, астрономия, физиология, математика, физика, химия жөніде жастарға арнап ғылыми-көпшілік жанрында жазған көп очерктері де барҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.
Дереккөздер
Санат:1920 жылы туғандар Санат:1992 жылы қайтыс болғандар Санат:АҚШ жазушылары Санат:Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:АҚШ биохимиктері Санат:Фантастика