Геометриялық орын — нүктелердің, түзу сызықтардың, т. б. жиындарын белгілеу үшін пайдаланатын ғылыми атау (термин). Нүктелердің кейбір геометриялық орындары мыналар: Берілген ("O") нүктесінен бірдей R қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны — шеңбер. A және B нүктелерінен бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің геометриялық орны — AB кесіндісінің ортасынан өтетін перпендикуляр. Берілген түзу сызықтан h қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны — параллел түзу сызық. Өзара қиылысушы екі түзуден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің геометриялық орны — бұрыштың биссектрисасы.</math>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009

Дереккөздер

Санат:Математика Санат:Алгебра Санат:Геометрия