Айбат мия, баянберік () - Бұршақтұқымдас көпжылдық шөптесін өсімдік.

Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 30-80 см.

Гүл шоғы - келте шашақ тәрізді

Жемісі домалақ, тұқымы ұсақ, бүйрек пішідес.

Таралуы Ылғалды, сортаң топырақты шалғындарда, құмды жерлерде, өзен жағалауыда өседі.

Жалпы таралған жері - Кавказ, Сібір, Орта Азия, Моңғолия, Батыс және Солтүстік Қытай.

Қазақстанда Семей, Қызылорда, Шымкент, Қостанай, Алматы облыстарында, Арал теңізі мен Зайсан, Балқаш көлдерінің маңында, Бетпақ далада, Шу-Іле, Қаратау, Батыс Тянь-Шань тауларында, Мойынқұмда өседі. Айбат мия мақта, күріш, беде егістіктері мен бау-бақшаның арам шөбі.

Пайдалануы Түйе мен сиыр сүйсініп жейді.

Құрамында қан тоқтататын және қан қысымын төмендететін сферофизин атты алколоид бар, медициада қолданылады.

Синонимдары Colutea caspica Phaca salsula Swainsona salsula Swainsonia salsula

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Азия флорасы Санат:Арам шөптер Санат:Бұршақтар тұқымдасы