Айдит Дипа Нусантра (; 30.07.1923—22.11.1965) - Индонезия жұмысшы және коммунистік қозғалысының қайраткері.

Суматра аралында орманшы-жұмысшы отбасыда туған. Сауда мектебі бітірген.

1939 жылдан отаншыл жастар қозғалысы басшыларының бірі.

1943 ж. Индоезия Компартиясына мүше болып өтті.

1945 ж. тәуелсіздік жолындағы күреске қатысқаны үшін жапондықтар, кейін ағылшын-голландықтар қамауға алды.

1947 ж. Компартияның саяси бюросына мүше болып сайланды. 1951-59 ж. - бас секретары, 1959-65 ж. - төрағасы.

Айдит Дипа Индонезияның Жоғары косультативтік Советіне мүше (1959 жылдан), Халықтық уақытша консультативтік конгресі председателінің орынбасары (1960 жылдан), Ұлттық майдан председателінің орынбасары (1961 жылдан), портфельсіз миистр (1962 жылдан) болды.

Айдит Дипа 1965 жылы "30 қыркүйектің оқиғасынан" кейін Сухардо өкіметінің қолынан қаза тапты.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Индонезия Санат:1923 жылы туғандар‏‎ Санат:1965 жылы қайтыс болғандар‏‎ Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер‏‎ Санат:Алфавит бойынша тұлғалар‏‎ Санат:Марксистер‏‎