Заңғар — Павлодар облысы Павлодар ауданындағы ауыл, Заңғар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км жерде, Құлынды жазығының оңтүстігіндегі бетеге, қылқан боз, селеу өскен құмайтты қызыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен744529 576 108,9 270 304 112,6 259 272 105
Тарихы Іргесі 1976 жылы ірі қара мал бордақылау бірлестігі ретінде қаланған. Оның негізінде 1996 жылдан Заңғарда өндірістік кооператив пен бірнеше фермерлік шаруашылықтар құрылған.
Инфрақұрылымы Ауылда орталау мектеп, фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Павлодар ауданы елді мекендері