Аша немесе Абу Басир Маймун ибн Кайс аль-Бакри немесе аль-Аша () — VII ғасырдың араб ақыны.
Ақын 570 ж.ш. Аравияда туған. Өмірінің көбін Арабияны кезумен өткізген, өлең айтып күн көрген. Аша Мұхаммед пайғамбарды мақтап қасида жазғанымен ислам дінін қабылдамаған. Христиандармен байланысты болған. Ол көне Арабиядағы «шарап жырының» бастаушысы және соның таңдаулы өкілдерінің бірі деп саналады. 629 ж.ш. қайтыс болғанҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.
Дереккөздер
Санат:Араб ақындары