Шортандардың обасы (чума) – көктем – жаз уақыттарында көп пайда болатын, өткір жұқпалы ауру. Онымен басымды шортандар ғана ауырады.
Аурудың қоздырғышы: B. pseudomonas esoxicidae.
Белгілері Бұл ауруға шалдыққан шортандардың терісінде, жиірек терінің артқы бөлігінде қызыл жолақты жаралар пайда болады. Өткір жағдайларда жарып көргенде құрсақ бөлігінде сары – ақшыл қызыл түсті сұйықтықпен фибрин жіптерінің жинақталуы байқалады. Жұмсақ тері асты біріктірігш тканьдері бұзылып гиперемирленгені, жара ортасында бұлшықеті жалаңаштанғандығы көрінеді. Денесі мен құйрық бөлігінде домалак қалыптағы жаралар пайда болады. Ішкі мүшелерде патологияанотомиялық тән белгілер болмайды. Хронологиялық қалыпта балық денесінде әртүрлі түрдегі және көлемдегі жаралар байқалады. Санитарлық баға Аз зақымдалған уақытында ұсталған тірі балықтарды тазартып, мұқият пісіргеннен кейін оны тағам ретінде тұтынуға болады. Ал қатты зақымдалғандарын утильдеуге жіберген жөн. Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж
Дереккөздер
Санат:Балықтардың инфекциялық аурулары