Он оқ тайпасы, Он оқ будун (будун – халық, ел, тайпа) – Батыс Түрік қағанатының негізгі этникалық-саяси ұйытқысы болған тайпалардың ортақ атауы.Қазақ энциедиясы, 7 том 6 бөлім Оған әрқайсысы бес тайпадан тұратын дулу (тулу, түрік) және нушиби одақтары енген.

Бектер Түрік қағандығында 7 ғасырға дейін-ақ таққа отыру мәселесі тек осы екі тайпа одақтарының қолдауымен жүзеге аса бастады. Батыс Түрік қағанатындағы билік үшін күрес ашиналықтардың саяси-құқықтық ықпалын кемітіп, оларды Он оқ тайпасына тәуелді етті. Бұл Он оқ тайпасынаның саяси беделін өсірді. Олар Ышбар Төліс шадты (634 – 39) Батыс Түрік қағанатында реформа жасауға көндірді. Реформа бойынша дулу мен нүшбе тайпасының әрқайсысынан бір-бірден он бек тағайындалды және ол бектер Ашина әулетінен емес, жергілікті ру-тайпа көсемдері арасынан шықты. Ол бектердің әрқайсысы Ашина әулетінің шадымен, яғни текті ханзада дәрежесімен теңестірілді. Әрбір тағайындалған бекке биліктің белгісі ретінде бір-бір жебеден берілгендіктен олар “Он оқ тайпасы” деген атауға ие болды. Орналасқан жері Негізгі аумағы “ежелгі усун жерін” яғни Қаратаудың шығысынан Жоңғарияға дейінгі жерді қамтыды. Олардың шекаралары Шу өзенінде болды. Шу өзенінің шығысын алып жатқан қағандық иелігін дулулар, ал Шудың батыс аймағын нүшбелер мекендеді. Сілтемелер Батыс Түрік қағанаты Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанаты Дереккөздер

Санат:Тайпалар