Танталониобаттар Минерал түрлері Танталониобаттар - табиғи комплекстік қосылыстар түрінде кездесетін минералдар тобы. Басты комплекс түзушілері: Та және Nb. Жалпы химиялық формуласы: AnBmXp, мұндағы А- Ca²+, TR³+, Na+, Mn, Bi, Sb, Ti, Sn, Nb, Fe, Xe, Mg²+, Pb²+ және осы екеуін алмастыратын қосылыс түзуші элементтердің сандық қатынасы. 100-ден артық минералдық түрлерді қамтиды. Ұсақ түйірлі, түсі қара, қара қоңыр, қоңыр сары, шыныдай жылтыр, қатт. Моос. шкаласы бойынша 4,5-8 м, тығыздығы -3500 - 9000 кг/м³, кейбіреулері баяу магнитті. Жоғарғы мөлшерде гранит перматиттерінде, сілтілі пегматиттерде, сирек металды альбиттенген граниттерде, карбонатиттерде т. б. кездеседі. Сарыарқаның, Мұғалжардың, Алтайдың кейбір кішігірім интрузияларында Танталониобаттар акцессор минералдар түрінде анықталады. Танталониобаттардан сирек жер элементтері, ниобий, тантал өндіріледі. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 546-бет Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Танталониобаттар · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.