thumb|left|200px|Балластер Балластер - темір жол жөндегенде немесе қайта салғанда балласт шамасын мөлшерлеуге, жолды көтеруге, қопсытуға және басқа жұмыстарға арналған жұмыс өнімділігі жоғары жол машинасы.
Рельстерді және ені 5 м-ден аспайтын шағын көпірлерді көтергенде электбалластері қолданылады. Оның жұмыстық бөлігі рельсті, көпірді 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен орната алады.
Құрамы
Электбалластері өзара топсамен жалғасып, тіректік үш арбаға орнатылған 2 фермадан, электмагниттік көтергіштен, 2 балластерлік рамадан, екі жақты әрекетті дозатордан, приборлар мен автоматтардан, электр стансысынан т.б. тұрады.
Рельс жолын көтеру машинаның жүрісі кезінде рельс үстіне орнатылған электрмагниттік көтергішпен жүзеге асырылады. Машина жылдамдығы балласт жаймалау кезінде 15км/сағ-қа, жол көтергенде 10 км/сағ-қа жетеді. Кейбір Балластерде ластанған құм балласты аршып алып тастайтын, жол бойын қиыршақ тастардан тазартатын жабдықтар болады. ЭлктрБалластердің жаңа түрлері өте ауыр рельстер мен балласт, сондай-ақ темір-бетонды шпалдар салуға арналғанҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат:Темір жол көліктері