Серіппе орау станогы Жұмыс жасау принципі Серіппе орау станогы- металл білеулер мен сымдардан серіппе,серіппелі шайба және сақиналар жасауға арналған станок(қондырғы). Ол автоматты және жартылай автоматты цикл бойынша жұмыс істейді. Серіппе орау станогында ыстықтай және суықтай түрде винтті, цилиндр пішіндес, конусты, мәнерлі серіппелер оралады. Станок құрамында жетек(әдетте электрлік), түзеткіш, орауыш, қадамдық және кескіш механизмдер , бақылау приборлары мен қосалқы жабдықтар болады. Серіппе орау станогы негізінен жаппай және сериялы өндірісте пайдалынылады. Серіппе орау автоматтары минутына 250-ге серіппе 2200-ге дейін серіппелік шайба өндіре алады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1997 ж. 4-том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Серіппе орау станогы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.