Гуля Жәлелқызы Қизатова (5.8.1948 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылы) – филолог, филология ғылымдарының кандидаты (1979).

Қызылорда педагогика институтын (1971), ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) аспирантурасын (1978) бітірген. Еңбек жолын 1971 жылы 217 мектепте мұғалім болудан бастаған. Қизатова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде филология факультетінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, әлем тілдері факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

30-ға жуық ғылыми еңбегі бар.

Қизатова «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері» (1992), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы, III том

Дереккөздер

Санат:5 тамызда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Есіл ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қазақ КСР-інің халық ағарту ісінің үздік қызметкерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері