Оралған Шренкия () – шатыршагүлділер тұқымдасының көпжылдық шөптес өсімдігі.
Таралуы Қазақстандық сегіз түрдің бірі, ірі қиыршық тасты беткейлерге және батыс Тянь-Шань, Шу-Іле тауы, Батпақдала және Мойынқұмға (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары) тән.
Ботаникалық сипаттамасы Шөптесін көпжылдық тамыры цилиндр тәрізді және биіктігі 40 см-ге дейін.
Сабақтың бас жағындағы бүйір бұтақтары шоғырлана жиналған.сабақ түбіндегі жапырақтары сағатқа , сопақ тақтасы таспа секілді, соңы үшкірленген бөліктерге қауырсынша тілімделген. Сабақ жапаырақтары ұсақ, үш қайтара тілімделген.
Гүлшоғыры – шатыршалар (ені 12 см-ге дейін), сыртқылары кәдімгідей ұзын. Шатыршалар 15 гүлден тұрады,таспа тәрізді бірнеше жарырақшалар орамдарымен қамтылған, гүлдері ақ, бес мүшелі, дара жынысты – ішкілері жеміс салатын , сыртқылары аталықты, шренкия мамырда гүлдейді, жемістері (дөңгеленген ішке қарай еңкейген екі жарты жемісшелерден тұрады) маусымда піседі, сынып қалған сабағымен бірге таралады. Шренкияның бұл түрі басқаларына ұқсап шашыраңқы түрде кездеседі, шілік құрмайды, бірақ шөлдегі тауларда әдемі де анық болып көрінеді. А.А. Иващенко "Қазақстанның өсімдіктер әлемі". Алматыкітап баспасы, 2012
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер