Қара тасшыбжық (Oenanthe picata) — аталығының бүкіл денесі - қара, тек қана құйрықүсті мен құйрықастының түсі ақ, мөлшерлес құстардың бәрінен ерекше ажыратуға болады; қоңыр реңді аналығы қалған тасшыбжықтарға ұқсас; қылығы - тасшыбжықтар типтес. Өмір сүру дағдысы ғана емес бұл түрдің жүйелік орны да зерттелмеген - бәлкім, бұның жеке түр болмауы да мүмкін.
Таралуы Азияның оңтүстік өңірлерін, солтүстікте Орта Азияға дейін қоныстанады. Қазақстанда шағын мөлшерде тек қана қиыр оңтүстікте - Өзбекстан шекарасындағы Пістелітаудың шөлдік аласа тауларында кездеседі. Мұнда наурыздың аяғынан қыркүйектің соңына дейін болады.
Дереккөздер
Санат:Тасшымшықтар Санат:Еуразия құстары