Филиппе Коутиньо Коррея (; 12 маусым 1992, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, "Әл-Духаиль" клубы мен Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы.

Мансабы Клубтағы мансабы нобай|солға|Интер сапында Филиппе Коутиньо жалпы «Васко да Гама» клубының тәрбиленушісі, 1999-2008 жылдар ішінде жастар клубында плеймейкер позициясында өнер көрсетті. 2008 жылы 16 жасында Коутиньоны миландық «Интер» клубы 3,8 миллион еуроға сатып алды, алайда ФИФА заңдары бойынша 18 жасқа дейін миландық клуб үшін өнер көрсете алмады, сондықтан 2 жыл ішінде Бразилия чемпионатында жалға беру бойынша қалды. 15 шілдеде кәмелеттік жасқа толғанына 3 күннен соң, Коутиньо «Интердің» құрамына енді, ал 19 шілдеде Коутиньо ресми түрде миландық клубтың ойыншысы ретінде саналды. 2011 жылы 8 мамырда «Фиорентина» клубына қарсы ойында «Интер» үшін алғашқы голды айып соққыдан соқты.

нобай|солға|Ливерпуль сапында 2013 жылы 30 қаңтарда «Ливерпуль» хавбекпен көп жылдық контраққа қол қойды. Англиялық прессаның мәлімдеуі бойынша, трансфер құны шамамен 10 миллион фунтқа дейін жетті.

2018 жылы қаңтарда "Барселонаға" ауысты. Ол командадан кеткен Хавьер Маскераноның номерін (14) алды. Каталондық клубтағы алғашқы кездесуін 25 қаңтар күні Испания кубогының 1/4 финалында "Эспаньолға" қарсы өткізді. 68-минутта Иньестаның орнына алаңға шықты.

Ұлттық құрамадағы мансабы 2009 жылы сәуірде Бразилияның 17 жасқа дейінгі Оңтүстік Америка турниріне шақырылды. Турнирда 5 матч өткізіп, 3 голмен ерекшеленді. 2011 жылы Коутиньо Нэйем Франко бапкерімен Колумбияда өткен 20 жасқа дейінгі әлем чемионатына шақырылды. Екінші кездесуде Аустрияға қарсы ойында пенальтимен соққан голымен ерекшеленді. Келесі ойында Панама құрамасына қарсы ойнап, дубльмен көзге түсті.

Алғаш рет Бразилия құрамасында Коутиньо алаңға 2010 жылы 7 қазанда негізгі құраммен шығып, командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осы сәтте Филиппе тек 18 жаста еді.

Жетістіктері Командалық «Васко да Гама» Бразилия B сериясының жеңімпазы: 2009

«Интернационале» Италия кубогы: 2010/11 Клубтар арасындағы әлем чемпионы: 2010

«Барселона» Испания чемпионы (2): 2017/18, 2018/19 Испания кубогы: 2017/18 Испания суперкубогы: 2018

«Бавария» Германия чемпионы: 2019/20 УЕФА Чемпиондар лигасы: 2019/20 Германия кубогы: 2019/20

Америка кубогының жеңімпазы: 2019

Сыртқы сілтемелер Футболшының ресми сайты ФИФА сайтында статистикасы Soccerway сайтында статистикасы «Интердің» ресми сайтында статистикасы

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары