Ауысым ілімі () - АҚШ психологі Аптер (Michael J. Apter) 1982 жылы ұсынған мотивациялық теория. Аталған ілім бойынша адам әрекетінде қарама-қарсы екі мотивация өмір сүреді, әдетте сол екеуінің тек біреуі ғана қозғатылады. Нақты іске кіріскен кезде бір түрлі ниеттен екіншісіне секіру, бір түрлі мотивациядан оның қарсы жағындағы мотивацияға ауысу оп-оңай. Мысалы, кейде тауға шығу адамды рухтандырса, басқа кезде адамды алаңдатады. Кейде жылаған бала жанашырлықты оятса, кейде жүйкеңе тиюі мүмкін.
Аталған ілім бойынша адам тәжірибесінде 4 негізгі метамотивациялық ауысым мүмкіндігі бар: Әдіс-мақсат, оған қарата адам салмақты қарайды, не ойын деп қарайды. Яғни ол іс арқылы болашақ табысқа жетуді көздей ме, әлде істен сол майданда рахат алуды көздей ме? Ереже, оған қарата көнеді, не қарсы шығады. Құрылымды жақтай ма, әлде оған еркін қарсы шыға ма? Келісім, оның өзі үстемдік ету, немесе жанашырлық таныту болады. Яғни адам өзінің үстем екенін, артық екенін, мықты екенін көрсете ме, әлде қарсы жаққа жанашырлық танытып көмектесе ме? қарым-қатынас,адамара қарым-қатынаста өзімшілдік немесе өзгешілдік, Мен, немесе Мен емес мәмілесін ұстанады. Яғни бір адам өз мүддесін ойлай ма, әлде басқа адамның мүддесін ойлай ма?http://reversaltheory.net/blog/about-the-theory/glossary/ Apter, Michael J.; Reversal Theory Glossary; тамыз 2003
Дереккөздер
Санат:Мотивация Санат:Психология