Қонысбай – Жақсы Тағылы тауларының оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Жұмыскер ауылының солтүстік-батысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1033 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейлері сай-жыралармен тілімделген. Етегіндегі тік жартастардың биіктігі 7 м-ге жетеді. Оңтүстік беткейінен Айса өзені бастау алады.
Геологиялық құрылымы Девон мен тас көмірдің альбитофир, порфирит жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты қызғылт топырағында қараған, тобылығы аралас бетегелі-бозды дала өсімдіктері өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары