Құрттыөзек өзені – Ащысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінен ағады. Ұзындығы 59 км.
Бастауы Бастауын ауданның батысындағы Қосқамбай тауының етегіндегі бұлақтардан алып, Мәшһүр Жүсіп ауылынан жоғарыда Ащысу өзеніне сол жағынан құяды. Су жиналатын алабы 870 км², орташа тереңдігі 0,7 м.
Гидрологиясы Бастауындағы алабының жер бедерінде 30-60 м-лік төбелер мен шоқылар кездеседі. Жазық жерлеріндегі өзен аңғарының топырағы негізінен карбонатты қызғылт қоңыр, төменгі ағысында сортаңды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өзен алабында түгелімен дерлік құрғақ даланың шөптесіндері (бетеге, боз, селеу, т.б.) қалыптасқан. Аңғарының жоғарғы ағысындағы ені 0,4 км, төменде 3-4 км. Суы кермек татиды, мал суаруға жарамайды.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы өзендері