Қасым би сайы, Қайраңғылық – Обаған алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысы Меңдіқара ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 37 км, жалпы ұзындығы 14 км болатын 2 саласы бар.
Бастауы Бастауын Степановка және Михайловка елді мекендері аралығындағы шағын тұщы көлден алып, Алакөл көліне құяды.
Гидрологиясы Жаз айларында арнасындағы суы қарасуларға бөлініп қалады. Су негізінен гидрохлоридті кальцийлі, сәл кермек татиды. Жағалауы жарлауытты. Алабының басым бөлігі жыртылған және шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Меңдіқара ауданы өзендері Санат:Обаған су алабы