Джонатан Рис Майерс () туғандағы есімі Джонатан Майкл Фрэнсис О‘Киф (, 27 шілде 1977, Дублин, Ирландия) — ирландиялық киноактер. «Алтын глобус» жүлдесінің номинанты атанған.
Өмірбаяны Джонатан Майкл Фрэнсис О‘Киф 1977 жылы 27 шілдеде Дублин қаласында дүниеге келді. Мэри Джеральдин және Джон О‘Кифтің отбасында тұрған. 1978 жылы отбасымен Коркқа көшеді. Екі жылдан кейін әкесі отбасын тастап кетеді. Анасы Джонатан мен Аланды асыраса, Джейми мен Полды апасы асырайды. Ол үйінен қашып, мектептен шығарылып балалық шағын өткізеді. «Любовь без имени» (1994) фильмінде бірінші рет түседі де, тегін анасының құрметіне Рис-Майерс деп ауыстырады. 1995 жылы «Исчезновение Финбара» жобасында рөлге ие болады. «Майкл Коллинз», «Язык-убийца», «Исчезновение Финбара», «Самсон и Далила» телефильмдерінде түседі.
2005 жылы Вуди Алленнің «Матч пойнт» драмасында түскен соң, танымал атанады. «Миссия невыполнима 3» фильмінде де бағын сынап көреді. Кейін Джонатан басқа да көптеген фильмдерден көрінеді.
Жеке өмірі 2004-2011 жылдарда Рина Хаммермен кездеседі. 2012 жылдың аяғынан Виктория Кеон-Коэн моделімен романы болады. Қазір Мара Лейн атты әйелмен кездесіп жүр.Джонатан Рис-Майерс
Дереккөздер
Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері