Халықаралық қоғамдық бірлестік - жарғысына сәйкес шет мемлекеттерде құрылған және ең боласа бір құрылымдық бөлімшесі - ұйымы, бөлімшесі мен өкілдігі өзінің қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік. Қазақстанда Халықаралық қоғамдық бірлестіктер халықаралық одақтар (қауымдастықтар) қоғамдық бірлестіктерге арналған заңдарда көзделген тәртіппен құрылып, қызметін іске асырады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.