Седан ()  – Францияның солтүстік-шығысындағы, Бельгия шекарасының қасындағы Маас өзенінң жағалауында орналасқан Арденна департаментіндегі қала. Халығы 20 548 адам (1999), жер аумағы 16,28 кm³.

Металлургия, құбыр прокаты, жүн мата, кілем тоқу өндірісі дамыған. 19 ғ-дың аяғына дейін бекініс. Француз-прусс соғысы (1870-71) кезінде Седан ауданында 1870 ж. 1, 2 сентябрьде неміс армиясы француздардың маршал М. Э. Мак-Магон басқарған Шалондағы армиясын талқандады. Фрацуздардың 17 мыңға жуық солдаты мен офицері өлді және жараланды. Немістер 100 мыңнан астам адамды, оның ішінде император Наполеон ІІІ-ні тұтқынға алды. Шалондағы армияның тізе бүгуі Екінші империяның бонапарттық тәртібінің құлауын жеделдетті. 4 қыркүйекте Парижде революция басталып, Францияда республика жарияланды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев

Галерея

Дереккөздер

Санат:Франция қалалары