Қарашоқы – Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі шоқылы таулар.
Географялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Өркен ауылының оңтүстігінде 27 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 551 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта тізбектеле созылған шоқылардың ұзындығы 13 км, енді жері 3-4 км.
Жер бедері Беткейлері көлбеу келген. Батысында Данажал, солтүстігінде Ортақарауыл таулары, оңтүстігінде Майқұдық, Тайсойған қоныстары бар.
Өсімдігі Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, балыш, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары