Сейтлиев Қара (1. 1. 1915, Қараған қыстағы, қазіргі Түркім. КСР-і, Бахарден ауд., –2. 5. 1971, Ашхабат) – түрікмен совет ақыны. Түркім. КСР халық жазушысы (1967). 1950 жылдан КОКП мүшесі. Пед. Техникумды (1932), Баку пед. институтын (1941) бітірді. «Ақын жыры» атты алғашқы жинағы 1941 жылы шықты. «Жауынгер жыр» (1942), «Қайнар» (1950), «Көтерілген күн» (1955), «Үндістан гүлдері» (1960) тағы басқа көптеген өлеңдер жинағы жарық көрді. Сейтлиев өнеріне В. В. Маяковский үлкен ықпал етті. Бірқатар өлеңдеріне музыка жазылды. «Бақташының қызы», «Бақташының ұлы» (Ғ. Мұхтаровпен бірге) пьесалары сахнада қойылып келеді. Сейтлиев шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды («Түркімен жырлайды», 1963). Сейтлиев 1964–70 ж. Түркімен. КСР Мәдениет министрі, 2–7-сайл. Түркім. КСР Жоғ. Советінің депутаты болды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сейтлиев Қара · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.