Қаратөбе – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылынан батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Абсолюттік биіктігі 778 м. Оқшауланған тау массивінен тұрады. Ерте мезозойдың гранитоидты жыныстарынан түзілген. Етегінде Молабұлақ бұлағы, Айнабұлақ, т.б. қыстаулар бар.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары