Қарауылтөбе – Ақшатау жотасының оңтүстік-шығысындағы оқшау тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Шынқожа аулының солтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 756 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Аягөз қаласы, батысында Шалдар, оңтүстігінде Зортөбе, шығысында Берікқара таулары орналасқан.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында дала өсімдіктері, қалың бұта шоғырлары өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары