Елібаев Әбдіразақ (1908, Жамбыл облысы,Сарысу ауданы, Жайылма ауылы - 20.9.2000, Алматы) - қоғам қайраткері.

Панасыздарға арналған интернатта тәрбиеленеді. Алматы қаласындағы өлкелік байланыс кәсіби-техникалық мектебі бітірген (1929). 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысып, 1945 жылы әскерден босағаннан кейін Алматы облыстық байланыс басқармасының бастығы, кейін Қазақ КСР бойынша Байланыс халық комисариаты өкілінің орынбасары. 1950 ж. өкілі болды. 1957 жылы Қазақ КСР Байланыс министрінің орныбасары, 1961 ж. бірінші орынбасары, ал 1962 жылы Байланыс министрі болып тағайындалды. Осы лауазымда 19 жыл еңбек етіп, 72 жасында зейнетке шықты. Республика Жоғарғы Кеңесінің 6 мәрте шақырылымының депутаты болып сайланды.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген байланыс қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіразақ Елібаевтың есімі көшеге (Алматы қаласы мәслихаттың 6.03.2008 №83 шешімі мен Алматы қаласы әкімдігінің 14.03.2008 №2/139 қаулысы) берілген.

Мадақтамалары Екі рет Ленин орденімен, Қазан Революциясы, Қызыл жұлдыз, Халықтар достастығы ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марпатталған. "Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003

Санат:Жамбыл облысы тұлғалары Санат:1908 жылы туғандар Санат:2000 жылы қайтыс болғандар