Ынтымақ–Шымкент - Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылжар ауылдық округі құрамында.
Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.
Тұрғыны 7,7 мың адам (2003).
1936 – 1960 жылдары Киров атындағы ұжымшардың орталығы болып, 1960 – 1994 жылдары 21-партсъезд кеншарының Киров бөлімшесі аталып, Шымкент қаласын көкөніс, сүтпен қамтамасыз етті. Оның негізінде 1996 жылдан ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылып, көкөніс, мал шаруашылығымен айналысуда. Ынтымақта 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шымкент қалалық әкімдігі елді мекендері