Өндірістік оқу — КСРО-да жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сыныптарда жүрген практикалық және теориялық оқу жүйесі (1958-1966). Өндірістік оқу жүйесінің негізгі мақсаты орта мектептерді бітірушілерге өндіріс саласынан белгілі бір мамандық дайындығын беру.
Оқу мазмұны Өндірістік оқудың мазмұны әрбір мектептердің жергілікті жағдайына байланысты болды. Мәселен, қала мектептері өндіріс жағдайына бейімдеп машина тану пәнін өтсе, ауылдық мектептерде ауыл шаруашылығына ыңғайлап, ауыл шаруашылық негізінен сабақ жүргізді.
Өндірістік оқудың материалдық базалары Өндірістік оқудың материалдық базалары - өндірістердегі цехтар, колхоздар мен совхоздардың тәжірибе уческелері болды. Қазақ освте энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Өндіріс