Өндірістің шоғырлануы - өндірістің іріленуі, өндіріс құрал-жабдығының, жұмыс күшінің және өнімнің ірі кәсіпорындарда жинақталуы, ірі кәсіпорындар санының өсуі.

Капитализмнің заңы Өндіріс пен капиталдың шоғырлануы - капитализмнің заңы. Капиталист өз қолына көп капитал жинақтау арқылы кәсіпорынды кеңейтуге мүмкіндік алады. Өндірістің шоғырлануы капиталдың орталықтануын және шоғырлануын күшейтеді.

Түрлерінің айырмашылықтары Өндіріс сферасында да, айналым сферасында да ірі кәсіпорындардың майда кәсіпорындарға қарағанда артықшылығы мол, сондықтан ірі кәсіпорын иелерінің пайда мөлшері де майда кәсіпкерлерден гөрі көп болады. және олардың бәсеке қабілеті де зор. Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Өндіріс Санат:Өнеркәсіп