Қарасор — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы тұзды көл. Майқайың кентінен оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде, теңіз деңгейінен 250 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 4,7 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7,8 км. Көлдің жағалауы жазық, кейбір жерлерінде қамыс шоғырлары кездеседі. Батысынан шағын өзен құяды. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Жағалауы - шабындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері