Саумалкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстігінде, Шарықты ауылдық округінің аумағында, Бұлақадір ауылының оңтүстік шығысына қарай 16 км жердегі төбеаралық ойпаңда, теңіз деңгейінен 679, 8 м биіктікте орналасқан көл.
Гидрографикасы Ауданы 6,5 км2 , ұзындығы 3,6 км, ең енді тұсы 2,7 км, ең терең жері 2,7 м. Жағалауының ұзындығы 13,3 км. Су жиналатын ауданы 107 км2. Қар және жер асты сумен қоректенеді. Жағасы жарлауыт келген. Оңтүстік шығыс жағасының тік жары 13 м-ге жетеді. Суының көлемі 9 млн м3-дей.
Жағалау сипаты Жағалау бөлігінде қамыс, тал өседі. Көлдің солтүстік бөлігіне екі бұлақ құяды. Су жиналатын алабының 50%- ы жыртылған. Суы тұзды, кермек, құрамында: йод, фтор, бром және бор көп кездеседі. Көлдің жағалау бөлігі лайлы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы көлдері