Төрткүл (Көлқұдықтық) – IX-XI ғасырларға жататын археологиялық мекен.
Орналасқан жері Отырар ауданы, Көлқұдық ауылының солтүстік шетінде орналасқан
Сипаты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2004 жылы ашып, зерттеген (С.З. Ахмет, Н.О. Алдабергенов, З.К. Исабеков), Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 2005 жылы зерттеген (К.М. Байпақов, Д.А. Воякин, С.Ш. Ақылбек). Жосыны шаршы болып келген төрткүлдің көлемі 60×60 м, жандарымен аздаған ауытқуды айтпағанда дүниенің төрт бұрышына қарап тұр. Құрлық бетінен 2 м-ге шығып тұр. Ені 15 м, тереңдігі 3 м келетін терең ормен қоршалған. Сыртқа жартылай шығыңқы етіп салынған сегіз мұнарасы болған: 4-і бұрыштарында, 4-і қабырғалар ортасында. Оңтүстік-батыс бұрышының батыс жағында кіреберіс пандусының орны байқалады. Төрткүлге айналдыра рабад жапсарланады. Рабад көлемі 240×160 м, шығыстан батысқа созылып жатыр. Рабадты айналдыра ормен қоршаған, ордың ені 8-10 м, тереңдігі 1,5 м.Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Отырар ауданы, Алматы 2007
Дереккөздер
Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері