Үшсаусақты шағала () — Татреңтәрізділер отрядының Шағалалар тұқымдасына жататын Rissa туысының дене мөлшері көл шағала шамалас (500 г шамасында, қанатының алымы бір метрден сәл артады) шағала. Үшсаусақты шағала қанатының үстіңгі беті сұрғылттау келеді, қанат ұшында қара дақтар жоқ, қалған денесі - ақ. Аяғы - қошқыл сұр, тұмсығы - сары-жасылдау. Еуразия және Солтүстік Американың биік ендіктеріндегі жартасты жағалауларда қоныстанады. Шоғыр түзеді және дұрысын айтқанда әлеуметтік құстар. Ұялау кезінде ғана жағаға тәуелді, басқа уақыттарды ашық мұxитта өткізеді.
Қоректенуі Бұл шағала негізінде ұсақ балықты жейді, дегенмен бунақденелілер және басқа жәндіктермен де қоректенеді, ал маусым қолайлы болса - тіпті жағалаудағы жидектерді де жейді.
Мекен ортасы Олар мұxит жағалауын бойлай бір орыннан екінші орынға көшеді, дегенмен континентке терең ұшып енгені де мәлім. Мәселен, үшсаусақты шағала Қазақстан, әсіресе Солтүстік Каспийге бірнеше рет келгені белгіліҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.
Дереккөздер
Санат:Еуразия құстары Санат:Шағалалар