Арпаған немесе Тарақбоз () – астық тұқымдасының арпабас туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі және өседі. Құм топырақты шөл аймақта, тыыңайған жерлерде, тау бөктерінде өседі.

Сипаттамасы Сәуір және шілде айларында гүлдейді. Биіктігі қалыпты жағдайда 10-50 см. Сабағы түзу. Жапырағы таспа пішіндес болып келеді. Гүлі қызғылт сары. Гүлшоғыры жайқала өскен сыпыртқы. Жемісі дәнек болып табылады. Дәруменге өте бай өсімдік түрі. 100 кг пішенінде 92,3 азық өлшемі, 5,4 кг сіңімді протеин, 100 г құрғақ затында 55 мг каротин бар.Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Азия флорасы Санат:Еуразия флорасы